Қазақстанда сарбаздардың әскерде телефон қолдануына қатысты жаңа ережелер енгізілді
Фото: freepik.com
Қорғаныс министрлігі сарбаздардың әскерде телефон қолдануына қатысты жаңа ережелерді бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, министр 30 наурызда ұялы байланыс құрылғыларын әкелу, алып шығу және пайдалану ережелерін бекіту туралы бұйрыққа қол қойған.
Бұған дейін сарбаздарға ұялы телефондарды белгілі бір уақытта ғана, казармада болған кезде пайдалануға рұқсат етілетін. Тек батырмалы телефондар және қысқа уақытқа ғана пайдалануға беріліп келген.

"Қазір сарбаздарға, курсанттар мен кадеттерге ұялы телефондарды казармадағы орналасу орнына дейін өшірулі күйде әкелуге және алып шығуға рұқсат етіледі. Оларды өз бөлімшесі (казарма) аумағында, сондай-ақ әскери госпитальда, әскери-медициналық бөлімдер мен мекемелердің емдеу және диагностикалық бөлімшелерінде пайдалануға болады", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар телефонды пайдалану уақытын командирлер бекітеді.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда енді әскердегі әлімжеттік жасанды интеллект арқылы бақыланатыны туралы жазған едік. Ішкі істер министрлігі әскери бөлімдерге жасанды интеллект жүйесін енгізе бастағанын мәлімдеді. Ол сарбаздардың көңіл-күйі мен мінез-құлқындағы өзгерістерді бақылайды.
Алматылықтар ONAY QR кодының істен шыққанына жаппай шағымданды: Метрополитен себебін түсіндірді
Желі қолданушысы: "Жаппай кешігу күні болды"
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес