"Тәрбиедегі олқылықтардан": Депутат жастардың әскерге деген қызығушылығы төмендегенін айтып заң қабылдауды ұсынды

Фото: pixabay.com
Депутат Айгүл Құспан тәрбиедегі олқылықтар жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын төмендетіп жатқанын жеткізді. Айтуынша, мәселені шешу үшін шаралар қабылдау керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат бұл мәселені профильдік комитет отырысында айтты. Оның сөзінше, бұл саладағы жұмыс біртұтас жоспарсыз, формалды түрде жүргізіліп келген, үйлестіру жетіспеген.
Нәтижесінде жастардың әскери қызметке дайындық деңгейі төмен болып, шақыру мәселелері туындап, әскери мамандыққа қызығушылық азайған.

Депутаттың пікірінше, жағдайды Қазақстан Республикасының "Әскерлік-патриоттық тәрбие" заңының нормаларын өзгерту арқылы түзетуге болады. Заң республика және өңірлік үйлестіру кеңестерін құруды қарастырады.
Сонымен қатар мектептегі "Бастапқы әскери дайындық" пәнін модернизациялайды және білім беру ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктердегі шақыру алдындағы даярлықты реттейді.
Алматылықтар ONAY QR кодының істен шыққанына жаппай шағымданды: Метрополитен себебін түсіндірді
Желі қолданушысы: "Жаппай кешігу күні болды"
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес