Алматыдағы физика-математика мектебінде оқушылардың улануынан соң басшылық ауысты
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде оқушылар жаппай уланған соң, артынша басшылық ауысып, жаңа директор тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мектептің жаңа директоры болып бұған дейін де осы филиалды басқарған Алмаз Күнғожин тағайындалды. Кадрлық ауыс-түйіс оқушылардың жаппай улануынан кейін болды.
РФММ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұрынғы директор Мейірбек Мейірлан Едігерұлы қызметінен кеткен.
Алмаз Күнғожин – математика мамандығы бойынша PhD докторы, сонымен қатар РФММ түлегі. Ол 2018–2023 жылдары мектептің Алматыдағы филиалын басқарған.
- Әр жылдары Күнғожин РФММ-де мұғалім, математика олимпиадаларына дайындайтын жаттықтырушы және бейіндік-эксперименттік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары болып қызмет атқарған.
- 2023 жылғы қыркүйектен бастап "РФММ" КЕАҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы ауыр ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түскені туралы жазған едік. Кейіннен уланғандар саны артып, 58 оқушыға жетті. Оқушылардың уланғанын Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.
Кейін денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың улануына қатысты жедел шаралар қабылдады. Нәтижесінде мектептің тамақтану блогында азық-түлікті сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу талаптарының бұзылғаны анықталды. Сосын бес қаулы шығарылып, шектеу шаралары енгізілген.
Жуырда мектептеп уланған 60-қа жуық бала ауруханадан емделіп шыққаны белгілі болды.
Алматылықтар ONAY QR кодының істен шыққанына жаппай шағымданды: Метрополитен себебін түсіндірді
