Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Республикалық физика-матаматика мектебінде уланған оқушылар: Тамақтану блогында санитарлық талаптар сақталмаған

мектеп оқушы улану тамақ
Фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушыларының улануына қатысты жедел шаралар қабылдады. Мектептің тамақтану блогында азық-түлікті сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу талаптарының бұзылғаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ведомство Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі оқушыларының арасында ішек инфекциясының 48 жағдайының тіркелуіне байланысты санитариялық-эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар ұйымдастырды.

Министрлікті мәліметінше, тамақтану блогына тексеру жүргізіліп, санитариялық талаптардың бұзылуы анықталған. Кейін бес қаулы шығарылып, шектеу шаралары енгізіліп, дезинфекция жүргізілген.

“Науқастармен байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше  мамандар "Master Food" ЖШС-нің тамақтану блогын тексеру барысында азық-түлік өнімдерін сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу және тамақтануды ұйымдастыру талаптарының бұзылғанын анықтады”, – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.

Инфекцияның қайдан тарағанын анықтау үшін су мен азық-түлік өнімдерінен сынамалар, шайындылар алынып, тамақтану блогының қызметкерлері тексерілді. Қазір зертханалық зерттеулер жалғасып жатыр.

Тексеру нәтижесінде бес қаулы шығарылды. Оған сәйкес мектеп пен асхананың жұмысы уақытша тоқтатылып, кейбір тағамдарды сатуға тыйым салынды. Сондай-ақ санитариялық шектеулер енгізіліп, қажетті құжаттары жоқ сүт өнімдері тәркіленді.

Интернат ғимараты дезинфекцияланып, науқастармен байланыста болған адамдар дәрігерлердің бақылауына алынды. Балалардың бір бөлігі сақтық үшін интернатта оқшауланды.

“14 қазандағы жағдай бойынша аурудың 48 жағдайы тіркелді. Барлық науқастар емдеуге жатқызылды, олардың жағдайы тұрақты. Реанимациялық көмекті қажет ететін пациенттер жоқ. Тексеру нәтижелері бойынша материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен қарау және процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді”, – делінген министрлік хабарланды.

Ведомство кәсіпкерлерге тамақтануды ұйымдастыру кезінде санитариялық талаптарды міндетті түрде сақтау қажет екенін еске салады. Бұл ретте өнімдерді тексерілген жеткізушілерден сатып алу, азық-түлікті сақтау және тағам дайындау шарттарын сақтау, қажетті рұқсат құжаттарының болуы және қызметкерлердің медициналық қарап-тексеруден уақтылы өтуі маңызды.

Бұл жағдайды Денсаулық сақтау министрлігі өз бақылауына алды. Балалардың денсаулығын сақтау, аурудың себептерін анықтау және инфекцияның жаңа жағдайларының алдын алу мақсатында эпидемиологиялық тергеп-тексеру мен қажетті іс-шаралар жалғасып жатыр. 

Еске салайық, Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы ауыр ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түсті. Бүгін таңертең Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оқушылардың уланғанын растады.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 14 Қазан, 2026 11:57