12 тамызда Құрылтай сайлауына қатысатын партиялар арасында алғашқы командалық теледебат өтеді
12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық телевизиялық дебат өтеді. Тікелей эфирде бірінші тарихи Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері кездеседі.
“Әділет” партиясы – Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев;
ЖСДП – Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова;
“Байтақ” партиясы – Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев;
Қазақстан Халық партиясы – Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова;
“Ауыл” партиясы – Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурыков;
“Ақ жол” партиясы – Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин;
Respublica партиясы – Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.
Дебатқа қатысушылар өздерінің партиясынеліктен қолдауға лайық екеніне сайлаушыларды сендіруге тиіс.
Көрермен назарына:
- сайлауалды бағдарламаларға толық талдау;
- тікелей эфирде келіп түскен ең өткірсұрақтарға жауаптар;
- дебатқа қатысушылардың пікірі бойыншасайлауалды бағдарламалардың әлсіз тұстары;
- партиялар өкілеттік мерзімі ішінде орындауға міндетті бір нақты уәде ұсынылады.
Тікелей эфир барысында көрермендер экрандағы QR-код немесе WhatsApp арқылы пікірталасқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.
Дебат аяқталғаннан кейін тікелей эфирде "Ашық студия" саяси ток-шоуы эфирге шығады. Сарапшылар пікірталастың негізгі сәттерін, қатысушылардың сөзін және дебаттардың сайлау науқанына ықпалын талдайды.
Алғашқы командалық теледебатты 12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінен, сондай-ақ телеарнаның ресми YouTube арнасынан көріңіздер.
Қазақстанда жалдамалы пәтер бағалары шарықтады: Маман оған не себеп болғанын айтты
