"Ұйқы жайында үндемей-ақ қояйын": Фариза Төреәлі жақсы ана болудың сырын бөлісті
Танымал кәсіпкер, блогер Фариза Төреәлі жас аналарға қатысты кеңесін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/
Блогер-ана отбасымен Бурабайда демалып жатыр.
“"Осы мен қандай ана болады екенмін" деп уайымдап анама айтатын кездерім есіме түсіп кетті. Бұрын-соңды балаға қарап көрмегем, қолымнан көп нәрсе келмейді, тәрбие жағы ше... Миымда мың сұрақ пен қобалжу. Ұйқы жайында үндемей-ақ қояйын. Сонда мамам "Алла өзі ана болған адамға екі-үш есе күш беріп қояды. Бәріне қалай үлгеріп, күш қайдан келіп жатқанын байқамай қаласың" деп айтқаны бар еді. Ал қазір бәрін автоматты түрде жасауды қалай үйреніп алғанымды білмеймін”, – дейді жас ана.
-
"Қыз жасауынан кем түспеді": Фариза Төреәлі тұңғыш сәбиіне төркіні әкелген дүниелерді көрсетті
-
"Әпкесінен бұрын босанған сияқты:" Төреғали Төреәлінің екінші қарындасы ана атанды
Блогердің айтуынша, жолдасы екеуі ата-ана болу үшін көп ізденгенін айтты. Алайда іс жүзінде ғана бала күтуді үйрене бастаған.
”Дархан екеуміз алдын ала жаңа туған нәресте туралы көп оқып ізденген едік, ал қазір бәрін іс жүзінде жасап үйреніп көп нәрсе біліп жатырмыз. Ұйқы қанбайды, жыласа жүрегің езіледі, іші ауырса бар амалын жасайсың, жорғалап жүгіріп кетесің. Бірақ күнде Алла қалауымен болып жатқан өзгерістерді байқап, бір күлкісін көргенде көзіңнен еріксіз жас ағады. Бәрін ұмытасың да қайта күш жинайсың. Күлімдеген сәтіне ештеңе де жетпейді екен ғой”, – деп аналық сезімін жасырмады ол.
Сондай-ақ, жас ана өзі қатарлы қыз-келіншектерге баласының көбірек жанында болуға кеңес береді.
“Нәресте үшін дәл қазіргі кезеңде ананың жанында болу сондай үлкен рөл ойнайды. Ештеңе түсінбейді, ештеңе есінде қалмайды, ештеңе білмейді деп ойлау – үлкен қате. Жанынан шықпай, максимум жылу, махаббат, эмоция береміз, сөйлесеміз, көп көңіл бөлеміз, қайда барсақ бірге жүреміз. Күн сайын бір қызық болады. Әсіресе әкесі екеуміздің түрімізді бір адамнан көрген тіпті қызық екен”, – деп күлді блогер-ана.
Еске салайық, блогерге әкесі қымбат нөмір сыйлағанын жазған едік.