Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақ ішіндегі теракт, зымыранның тиюі, қозғалтқыштың жарылуы: Тегерандағы ұшақ апатына себеп болған негізгі жағдайлар айтылды

Ирандағы украиндық Boeing ұшағының құлауына себеп болған негізгі жағдайлары айтылды. Бұл туралы Украинаның ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тегерандағы ұшақ апаты

Алексей Данилов қазіргі таңда Украина және Иран мемлекеттерінің ресми өкілдері, халықаралық азаматтық авиация ұйымының қызметкерлері қатысқан жиналыстың жалғасып жатқандығын айтыпты. 

"Ұшақтың кенетке апатқа ұшырауына себеп болған негізгі жағдайлар талқылануда. Олардың ішінде: әуе кемесіне зениттік зымыранның тиюі, оған себеп өздеріңіз куә болғандай борттың құлаған жерінің зымыран қалдықтарының табылуы, Boeing  ұшағының басқа да ұшу нысанымен соқтығысуы, техникалық ақауларға баланысты қозғалтқыштың жарылуы, ұшақ ішінде террористтік әрекеттің нәтижесінде жарылыс болуы секілді нұсқалар бар", - деді Алексей Данилов.

Даниловтың сөзінше, Украина басшылығы ирандықтармен ұшақ апаты орын алған жерге барып, зымыранның қалдықтарын іздеу туралы бастаманы талқылап жатыр екен. 

Сонымен қатар ол Киев басшылығы Тегеранның ұшақ апатына байланысты қара жәшікті шифрлеуден өткізуге қатысып, украиндықтарға барынша жәрдемдесетініне сеніп отырғанын мәлімдеді. 

Оған қоса, хатшы апатты зертеумен Донбасстағы Boeing ұшағының құлауына себеп болған жағдайларды анықтаған мамандар қатысатындығын айтты. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін әуе кемесі құлаған жерден зымыранның қалдығы табылғаны айтылған еді.

 

Талқылау