Қазақстанда ҰБТ тапсыру уақыты қысқармайтын болды
Былтыр қыркүйек айында ғылым министрі Саясат Нұрбек ҰБТ тапсыруға арналған уақыт жарты сағат қысқаратынын айтқан еді. Алайда министрлік ұлттық бірыңғай тестілеуге ешқандай өзгеріс енгізілмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
“Тестілеу уақыты төрт сағат (240 минут). Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін қосымша 40 минуттық уақыт сақталатынын атап өткен жөн”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін ҰБТ-дағы тапсырмалар саны мен жоғары балл өзгеріссіз қалатынын жазған едік. Жалпы 120 сұрақ, 140 балл:
- Қазақстан тарихы – 20 тапсырма;
- Оқу сауаттылығы – 10 тапсырма;
- Математикалық сауат – 10 тапсырма;
- екі бейіндік пән бойынша – 40 тапсырма.
Бұған дейін ҰБТ-ға қалай тегін дайындалуға болатынын жазғанбыз.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"