Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығармашылық мамандықтарға тапсыратындар үшін ҰБТ форматы өзгере ме: Министр түсіндірді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шығаршылық мамандықтарға тапсыратын талапкерлер үшін 2024 жылы ҰБТ өзгеріссіз қалатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Ол шығармашылық мамандыққа тапсыратын студенттер тек қана екі пән бойынша емтихан тапсыратынын айтты. 

“ҰБТ-2024 өзгеріссіз қалатындығын қуана хабарлаймын. Тестілеуде сіздер тек екі пән тапсырасыздар: Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы. Тапсырмаларды орындау уақыты – 70 минут. Ал шығармашылық емтихандар жоғары оқу орындарында өтеді”, –дейді министр.

Министрдің сөзінше бұл шешім талапкерлердің қалауы мен бейінді ведомстволардың сараптамалық пікірі негізінде қабылданған.

“Өткен жылы ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігін ресми түрде бекіткенін еске саламын. Егер ақылы негізде түсу үшін ҰБТ тапсырудың тағы үш мүмкіндігі бар екенін ескеретін болсақ, онда 2024 жылғы талапкерлер тестілеуден бес рет өте алады”, – дейді Саясат Нұрбек.

Талқылау