Ұлытау облысында қырылған киіктердің саны 14 мыңға жеткен
Ұлытау облысында қырылған киіктердің саны 14 мыңға жеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Бұл туралы бас прокуратура мәлімдеді.
“Ұлытау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті органдар және еріктілердің қатысуымен елді мекендерді киіктердің өлекселерінен тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір 14 мыңға жуық киік өлекселері жиналып, арнайы орындарда жойылып жатыр. Аталған іс-шараға 145 адам және 67 техника жұмылдырылған”, – делінген хабарламада.
Қартайып өлді: Экология министрлігі Қазақстандағы киіктердің жаппай қырылу себебін айтты
Прокуратура Кеңгір су қоймасын да өлекселерден тазарту жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Еске салсақ, 2025 жылдың 28 наурызында Ұлытау облысында үш мың киіктің өлексесі табылғаны туралы жазған едік.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған