Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-да қандай сұрақтар келеді: Министр жауап берді

Білім және ғылым министрі Аймағамбетов есептік кездесуінде ҰБТ сұрақтары толыққанды өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық біріңғай тестілеудің негізгі талаптары мен сұрақтары толыққанды өзгеретін болады. Министрдің айтуынша қазіргі дайын базаны толыққанды өзгертіп, сұрақтардың бағытын ауыстыру биылғы жылға жоспарланып отыр. Демек жаңа жүйе енгізілетін болса, тест тапсырушының ешқандай ақпаратты көшіруге мүмкіндігі болмайды. 

"ҰБТ бойынша электронды тестілеуге өту жоспарланып отыр. Ең маңызды сұрақтардың бірі тест сұрақтарының өзгертілуі. Сұрақтар белгілі бір ақпаратты, нақты фактілерді жаттап алу және қолдану жүйесі бойынша емес, функционалдық сауаттылықты тексеру, біліміңді қолдана білу, сыни тұрғыда ойлап, анализ жасау жүйесі бойынша жүргізілетін болады. Қазір ҰБТ базасы қайта қаралып жатыр. Сұрақтар тек функционалдық сауаттылықты анықтауы керек", - дейді Аймағамбетов. 

 

Талқылау