Вирусолог омикроннан кейін пандемияның қалай өрбитінін айтты
Ресейлік вирусолог Анатолий Альтштейн коронавирус ауруының даму қарқыны бәсеңдейтінін, бірақ ауру жоғалып кетпейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әлемде иммундалған адамдар өте көп, вакцинаның көп мөлшері егілді, бірқатар адам ауырып шықты. Нәтижесінде вирустың дамуы бұлыңғыр. Эпидемия бәсеңдейді”, – дейді ғалым.
Сонымен қатар маман COVID-19 адам популяциясынан тыс қалмайды деп санайды.
"Коронавирус кетпейді. Біз иммундауды жалғастырамыз, бірақ енді пандемия болмайды. Қалыпты өмірге ораламыз, бірақ бұл вируспен ұзақ күресеміз", — деді сарапшы.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда