Венесуэлада жер сілкінісінен опат болғандар саны 3000 адамға жуықтады
Венесуэлада жуырда болған екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 954 адамға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі WAM басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сондай-ақ елдің Байланыс және ақпарат министрлігінің сенбі күні таратқан мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер саны 16 592 адамға дейін өскен. Ал табиғи апат салдарынан қоныс аударуға мәжбүр болғандар саны 16 309 адамға жетті.
Еске салайық, Венесуэлада араға бір минут салып екі қуатты жер сілкінісі болған еді. Салдарынан ел астанасы Каракас қаласында бірнеше ғимарат құлады. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, алғашқы жер сілкінісінің магнитудасы 7,1 болған.
Соңғы деректерде құрбандар саны 2645 адамға жеткені айтылған. Сондай-ақ мыңдаған адам жарақат алып, он мыңнан астам тұрғын баспанасыз қалды.
"Таза қазақша сөйлегім келеді": Парижде тұратын француз қызы қазақ тілін үйреніп, мәдениетін дәріптеп жүр
Элиз әлеуметтік желі арқылы қазақ тілін үйреніп алған
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
