Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұялы телефондардың балаларға келтіретін зияны мен пайдасы

Тек кейбір мектептерде ғана балаларға өзімен бірге телефон әкелуге тыйым салынады. Бірақ, өкінішке орай қазіргі қоғамда мектеп оқушыларының көбі телефонсыз жүре алмайды.

Ұялы телефондардың зияны мен пайдасы

Кейбір ата-аналар, біз кезінде телефонсыз да жүргенбіз, балаларға телефонның не қажеті бар деп жатады. 

Қазір телефондар мектеп оқушыларының өміріне толығымен кіріп алды. Әрине, ең алдымен, ұялы телефон қауіпсіздік үшін қажет, себебі ата-аналар әрқашан балаларына хабарласып, қайда екенін және қашан үйге келетінін білу керек болады.

Бірақ смартфондар көбінесе балалардың ойын бөліп, сабақ оқуына кедергі жасайды. Оқушылар телефондарын партаның астына тығып, мұғалім көргенше әлеуметтік желілерде сөйлесіп немесе ойын ойнап отырады. Мұндай жағдайда психолог не дейді?

«Ата-аналар комитеті жиналып, мұғалімдерге сабақ алдында барлық оқушының телефонын жинап алып, сабақ біткеннен кейін бір-ақ қайтаруын ұсыну керек. Мүмкін, бұл қиындықтан осылай шығуға болатын шығар», – дейді психолог Ольга Анищенкова.

Бірінші сынып оқушысына батырмалы телефон да жарайды

Жалпы бірінші сынып оқушысына телефон сатып әперу қажет пе?

– Ия, ата-аналарымен байланыс жасау үшін керек. Ал телефон бермесейіз балаңыз досының ұялы телефонына жабысып, соның смартфонына үңілумен болады. Иә, дәл осылай болады. Себебі, балалардың қоңырауда жиналып, біреудің смартфонына қарап тұратынын жиі көреміз. Әрине, бірінші сынып оқушысына жаңа үлгідегі ұялы телефон беруге өте ерте. Себебі, оның телефонын біреу тартып алуы мүмкін немесе өзі түсіріп, болмаса сындырып алуы мүмкін.

Бірақ, егер балаңыз сыныптастары оныншы iPhone ұстайтын байлардың балалары білім алатын мектепте оқыса, онда ол батырмалы телефонымен басқаларының арасында ақ қарға ұқсап ерекшеліп тұрады. Сондықтан жағдайға қарай әрекет етіңіз.

Бірақ, ата-ана 1-сыныпта оқитын баласына мектепке не үшін ұялы телефон ұстатып жіберетінін міндетті түрде түсіндіруі керек. Оны арнайы қалтада ұстау керектігін және сабақ үстінде алуға болмайтынын түсіндіріңіз. Сондай-ақ, оларға тек ата-анасының және жақын туыстарының ғана қоңырауына жауап беріп, бейтаныс нөмірлерді елемеу керектігін ескерту керек. Бірақ, жеті жасар балаға ғаламтор қосып бермеңіз.

Абайлаңыз, ұятсыз видеолар!

Егер, жоғары сынып оқушыларының бәрі ғаламторда отыратын болса, онда жағдай қиынырақ. Ал бала шынайы мазмұндағы суретке немесе видеоға тап болғанда қалай әрекет ету керек?

– Мұнда, оның жасына байланысты. Мүмкін, ол бәрін түсінетін жаста шығар. Менің тәжірибемнен алатын болсақ, балалар 5 – 7 жасында-ақ секстің не екенін біледі. Әрине, ата-аналарынан емес, оларға бұл туралы достары немесе сыныптастары айтып жатады. Ал балалар бұдан жиі шок алады. Неліктен? Ата-аналар ұялғандықтан секс тақырыбында әңгіме айтпайды.

Мысалы, 5 жасар балаңыз телевизордан төсек қатынасын көріп қалды. Бірақ, осы сәтте «ойбай» деп айқайға салмаңыз, тек балаңызға ойыншық немесе басқа нәрселер беріп, назарын басқа жаққа аударыңыз. Сондай-ақ, кейіпкерлер сүйісіп жатса 7-жасар балаңызды бөлмеден қуып шықпаңыз. Ал, балаңыз сізден олардың мұны істеп жатқанын сұраса, түсіндіріңіз.

Ал, егер жасөспірім ғаламтордан порновидеоларды әдейі іздейтін болса, мұны қалай қабылдау керек?

– Бұны да қорықпай қабылдаңыз. Аздап үзіліс жасап, оның мұны не үшін жасайтынын түсінуге тырысыңыз. Балаңыз ұл болса, мүмкін, ол өзіне сенімді болмағандықтан, қыздармен араласудан қорқатын шығар. Сондықтан, ол осындай қарым-қатынасты өтеу үшін әлгіндей видеолар қарайды. Егер жағдай тіпті қиын болса, психологқа барыңыз. Егер, баланың тұйықталып қалғанын көрсеңіз, оны бейресми қарым-қатынас көп болатын үйірмелерге жазыңыз. Балаларда 8 жастан бастап, әсіресе ұл балаларда гормондар ойнайды. Егер сіз осы жаста баламен ашық тақырыпта әңгімелесетін болсаңыз жақсы болады.

Көзіңізді жас кезіңізден бастап сақтаңыз

Барлық ата-аналар балаларға күні бойы телефонда және басқа гаджеттерде отыруға зиян екенін жақсы біледі. Бұл мәселеде қандай да бір ереже бар ма?

– 5 жасқа дейін баланың миі әлі дамып жататындықтан, оларға күніне 1,5 сағат мультфильм көруге немесе планшетте ойнауға болады. Ал бала кішкентай болса, ол телефон, телевизор секілді заттарды көп көрмеуі керек. Назар аударатын бір жайт, балалар мұндай заттарды қолданғанда оларға міндетті түрде үзіліс қажет! Мысалы, 5-тен 11 жасқа дейінгі балаларға гаджеттерге күніне үш сағаттай отыруға рұқсат беріледі, бірақ бірден емес. Ал, 11 жастан кейін нақты талаптар жоқ. Бірақ, әрине, әр нәрсенің шегі болуы керек. Және оны ата-аналар өзі орнатады.

Бұл қазірдің өзінде тәуелділік

Пихологтың пікірінше, оқушының телефонға тәуелді екенін анықтау өте оңай.

– Ол үшін балаңыздан гаджетті кейінге қалдыруды өтініп, оның бұл тазапты қалай қабылдайтынын бақылаңыз. Егер балаңыздың көңіл-күйі бірден түсіп, ашулана бастаса және жылап, өзін агрессивті ұстайтын болса, сізге алаңдайтын себеп бар. Яғни, балада нағыз өзгеріс орын алған.

Өкінішке орай, қазір бұл барлық балаларда жиі кездеседі. Неліктен? Мұнда мәселе көңіл гормондарында болып тұр. Олардың екеуі – дофамин және серотонин. Соңғысы жақсы көңіл-күйге, ал дофамин – эмоциялардың жарылуына жауап береді. Жалпы, «дофамин жарылысы» деген ұғымы бар, мысалы біз оны ғашық болғанда сезінеміз. Бірақ егер адам стресс жағдайында болса, онда серотонин басылып, дофамин бақылаусыз шабуылдар жасай бастайды.

Кейде адамдар біресе қайғылы көңіл-күйде, содан кейін күтпеген жерден қуанышты күйде отырады. Балаларда да осылай. Бала депрессияға ұшыраған жағдайда, мысалы үйде немесе мектепте сынға ұшыраса, кенеттен ол телефон шұқылап отырып, дәл сол дофамин жарылысын бастан кешірсе, ол телефонға тәуелді бола бастайды. Ол сол сәттен бастап тәуелді болады. Енді ол барлық оң эмоцияларды сол жерден ғана алатын болады. Осындай механизм ойынқұмарлар мен маскүнемдерде де жұмыс істейді. Бұл рахаттану орталығының бүлінгенін көрсетеді. Мұндайда, адамдар енді допингсіз қалыпты көңіл күйде жүре алмайды.

Баланы мұндай жағдайға не әкелді

– Себептер әртүрлі. Біріншісі – ата-ананың шектен тыс қамқорлығы. Яғни бала өздігінен ешқашан ештеңе шешпеген болса мысалы,  мектепке барғанда өзінің дәрменсіздігі мен сенімсіздігіне тап болды. Сосын ол үйге келіп, ойын ойнап, өзін жеңімпаз, патша секілді сезінеді.

Екінші себеп – ересектер балаларына жағымсыз сезімдерді сезінуіне жол бермеген кезде. Ата-аналар көбіне «жылауды тоқтат, үніңді шығарма, жылаушы болма!» деп айтып жатады. Сонда бала көз жасын сүртіп, жылауын тоқтатады. Бірақ, эмоциялар ешқайда кетпейді ғой. Сондықтан, оларды жүгірту керек. Ал ұялы телефонда ойнау эмоция шығарудың керемет әдісі. Сондықтан, балалар қан мен агрессия көп, өлтіретін атыс ойындарды жақсы көреді. Сол себепті, мұндай жағдайларды болдырмау үшін ата-аналар балалары көңілсіз болса және жылап жатса оларды құшақтап, тыныштандырып, эмиоцияны босатуы керек.

Үшіншісі – тежелушілік. Яғни, бала өзінің күшіне және қабілетіне сенбейді. Тек фильмдерде және ойындарда ғана өзін басты кейіпкер ретінде сезініп, арманындағы барлық нәрсені жасайды.

Және ата-аналардың өздері телефонға тәуелді болса, балаларында да осындай тәуелділік пайда болады. Мысалы, ақша үшін покер ойнау. Және осы себептердің бәрінің артында балаға деген махаббатың жетіспеушілі жатады. Ал телефон, компьютер немесе планшет – бұл виртуалды болса да, жақсы орынға ие болатын орын.

Бұдан қалай шығуға болады

– Бұл өте қиын болуы мүмкін және оны психотерапевттердің көмегінсіз шеше алмайсыз. Көптеген адамдар, егер балада осындай бұзылыстар басталса, оның барлық гаджетін тартып алу керек деп ойлайды. Бірақ, бұлай жасауға кеңес бермеймін, себебі балаға тағы да өз проблемасына бетпе-бет келу қиын болады. Дұрысы, көңілін қауіпсіз нәрсеге аударып, пайда әкелетін қызығушылық табыңыз. Яғни, баланың көңілін рақатты қайтадан сезінетін нәрсеге ауыстыру. Ал оларға ата-анасымен әңгімелесу үлкен қуаныш әкеледі. Әрине, ақыл айтпай, жүрекпен әңгімелесу керек.

Бірақ әңгімелесу жеткілікті ме

– Мұндай жағдайда баламен әңгімелесу аздық етеді, сондықтан ол рахаттана алатын басқа нәрселер табыңыз. Мысалы, балаңызды робот құрастыратын үйірмеге қатыстырыңыз немесе онымен бірге ұшақтардың, кемелердің үлгілерін жинап, көңілін басқа нәрсеге аударыңыз. Жалпы, баламен бірге айналысатын қызықты нәрселер көп. Бастысы, балаңызға компьютерлік ойындардан басқа, не ұнататынын түсіну керек.

Дегенмен, гаджет сабақ оқуда жақсы көмекші бола алады. Мысалы, онда оқушыларға физика немесе биология сияқты пәндердің қиын емес екенін түсіндіретін қызықты білім беру бағдарламалары бар. Әрине, сіз бұл процесті өзіңіз бақылауыңыз керек. Сондай-ақ, бала сізсіз ғаламтордан ештеңені жүктемеуі керек.

 

Талқылау