"Үшінші рет жол түспеді": Ерке Есмаханның АҚШ-тағы концерті өтпейтін болды
Танымал әнші Ерке Есмахан америкалық тыңдармандарынан кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Өнер иесі визадан мәселе туындағанын айтты.
“Ақпанның басында визаға тапсыруға бардық. Кеше қолыма төлқұжатымды визасымен бірге алдым. Бірақ Америкада болуға берген уақыты екі-ақ күн. Күйеуімдікі де 12-сіне дейін. Біздің концерттің уақытымен де сәйкес келмейді. Егер біз уақытқа қарамай ұша берсек, заң бұзамыз. Виза уақытымен кіріп кетіп, біраз күн жүруге де болады. Бірақ жаңа президенттің қатты бақылауындағы дүние болғандықтан, бас тартып отырмыз. Әрі басқа елдің заңын да сыйлап тұрмыз. Сонымен концертіміз өтпейтін болып жатыр. Көңіл-күй жоқ, үйде отырмын. Билет алған көрерменнен кешірім сұраймыз”, – деп жазды әнші.
-
"Ол адамды алдама": Ерке Есмахан тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді
-
"Dior сөмкемен шығамын": Ерке Есмахан перзентханаға дайындалып жүргенін айтты
Сондай-ақ өнер иесі үшінші рет АҚШ-қа жол түспегенін айтты.
“Бұйырмаған Америка болды. Исламға аяғым ауыр кезінде де визамен кедергілер болып еді. Райм өзі барып келген еді. Осымен үшінші рет жол түспеді. Америкаға ұшу – 20 сағат. Сабырға келіп, қайырлысы деп отырмын”, – деп жазды Ерке Есмахан.
Еске салайық, өнер иесі бірінші некесіне қатысты сұраққа жауап берген еді.