"Үш жүздің басы қосылды": Келіндерімен бір дастарханда отырған Айдарбекова елді сүйсіндірді
Келін түсіріп, дүркіретіп той жасаған Айдарбековтер әулеті көпшіліктің талқысына түсті. Әсіресе тойға Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімованың келуі елді қуантты. Ата-әжесі де көптен көрмеген немерелерімен қауышты. Ал тойдан кейін отбасы мүшелері бір дастархан басына жиналды. Әлеуметтік желіде әсерлі сәттің видеосы тарады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Заңғар Нұртастың сөзінше, отбасы мүшелерінің бірге жиналмағанына 2 жылдың жүзі болған.
"Бұлай бірге жиналмағанымызға 2 жылдай болып қалыпты, расында бұл сезімді жеткізе алмаймын", - деді Заңғар.
Заңғар Нұртастың айтуынша, келіншегі Жібек – Ұлы жүздің қызы. Үлкен жеңгесі Жұлдыз – Кіші жүзден болса, ортаншы жеңгесі Әйгерім – Орта жүздің қызы.
"Үш жүздің басы қосылды", – деп қалжыңдады Заңғар.
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?
Желі қолданушысы мұндай жағдайда бассейн жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық өңдеу жүргізілуі керек деп есептейтінін жеткізді
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"