Үш жігітті қағып кеткен: Алматыда қылмыс жасаған жүргізуші құрықталды
Алматыда қылмыс орнынан қашып кеткен жүргізуші құрықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаяу жүргіншілерді қағып, оқиға орынан кетіп қалған Toyota Camry жүргізушісі ұсталды. 24 жастағы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны қолға түсіп, тергеу амалдары жүргізілуде.
"Ол ұсталып, ҚР қылмыстық кодексінің 128-бабы тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам қылмыс жасау кезінде ақ түсті Toyota Camry маркалы автокөлігін басқарған. Қара түсті шетелдік көліктің жүргізушісі анықталды. Оны ұстау - уақыт еншісінде", - деп хабарлады ДП тергеу басқармасы бастығының орынбасары Думан Аухадиев.
"Адам өлтіруге оқталу" дерегі қаралып, қылмыстық кодекстің 24-бабы, 3-бөлімі және 99-бабы, 2-бөлімі бойынша іс қозғалды. Аудандық тергеу басқармасының өндірісіне берілген істің мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылған.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген