Air Astana ұшақтары Алматы әуежайына қона алмай, басқа қалаға кетіп қалды
Қазақстандық "Air Astana" және "FlyArystan" әуе компанияларының үш ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматыға қона алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға сәрсенбі, 9 маусым күні болған. "Air Astana" мен "FlyArystan" компанияларының үш ұшағы Алматыдағы ауа райының қолайсыздығына байланысты басқа аэродромдарға қонуға мәжбүр болған.
Әуе компаниясының хабарлауынша, Алматыдағы желдің қайшылығы ұшақтың жерге қонуына кедергі келтірген.
Нәтижесінде "Air Astana" KS 952 Нұр-Сұлтан – Алматы рейсі Шымкентке, FlyArystan KS 7134 Павлодар – Алматы рейсі Нұр-Сұлтанға, FlyArystan KS 7152 Семей – Алматы рейсі Бішкекке қонды.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, үш рейс те Алматыға жетті.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды