Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Үш айлық баламен мұнараға шықтық”: Ырғыз ауданында бір отбасы тасқын судан қашамыз деп адасып кеткен

Ырғыз ауданында қорғаныс министрлігінің ұшқыштары су тасқынынан зардап шеккен 9 адамды құтқарды. Олар интернет пен телефон байланысы жоқ, мұнарада болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынды

Жергілікті адамдар көлігімен ең жақын ауылға жетуге тырысқанмен ол суға батып кеткен. Балалармен, қолындағы үш айлық нәрестесімен олар әупірімдеп мұнараға жеткен. Отбасы Ырғыз ауданының жергілікті мектебіне орналастырылды.

“14 сәуір күні ұшып шығып, адамдарды құтқардық. Сол кезде тоғыз адамды тауып алғанымыз есімде. Оларда байланыс жжоқ, су басып қалғанда үйлерінен қашып шығып, адасып кеткен. Бағананың астынан қол бұлғап, оларды көріп қалып, құтқару операциясын бастап кеткенбіз. Бес баламен далада қалған. Күшіміз таусылса да көмек көрсетуден тайынбаған экипажыма рахмет”, – дейді майор Бейбарыс Ибраев. 



Отбасы бала-шағасымен таудың төбесіне көтерілген. Олар таң ертең үйлерінен қашып шыққаннан кешке тікүшаққа бірақ мінген.

“Тікұшақ бұрылып келе жатқанда қатты қуанып кеттік. Таңғы 11-де шыққаннан кешке 4-те міндік тікұшаққа. Үстімдегі куртқамды шешіп, үш айлық балама бердім. Бала тұрмақ, өзіміз де шаршадық. Тауға шыққан оңай болмады. Балалар құлап, жығылып зорға шықтық. Балаларды тікұшақ келеді, сусын, тамақ алып келеді деп алдадық”, – дейді құтқарылған келіншек. 

Еске салсақ, бұған дейін ақтөбелік құтқарушы әйелі мен қызын перзентханадан қайықпен шығарып алғаны туралы жазған едік. 

Талқылау