Ақтөбелік құтқарушы әйелі мен қызын перзентханадан қайықпен шығарып алды (видео)
Су тасқыны кезінде Ақтөбе облысында апатқа қарсы күреске тартылған құтқарушының қызы дүниеге келді. Перзентханадағы жұбайы мен cәбиін қайықпен қарсы алуына тура келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Асқар Құсайынов Ойыл ауданының өрт сөндіру бөлімінде құтқарушы болып жұмыс істейді. Су тасқынына қарсы күрес кезінде азамат қызды болды.
Ер адам перзентханадан жаңа шыққан қызы мен жұбайын қолына гүлі алып, қайықпен қарсы алды. Себебі ауылмен әлі тікелей байланыс жоқ.
"Ауылға тікелей жолдың болмауына байланысты жас босанған әйел өзеннен қайықпен өтуге мәжбүр болды. Үйге оралған ана мен баланың жағдайы жақсы. Осындай қиын кезеңдерде туған баланың болашағы мықты, жарқын болсын!"- деп тіледі Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті.
Бұған дейін су тасқыны салдарынан Ақтөбе облысындағы бірқатар ауылдар картадан жойылып кетуі мүмкін екенін жазған едік.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады