"Ақшаны алмаймын": 5 жылға сотталған шымкенттік журналиске пара ұсынған сәттің видеосы пайда болды
Желіде Шымкентте әкімдіктен ақша бопсалады деген айыппен сотталған блогер Арай Есенбектің ісіне қатысты видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шымкенттік блогер бұған дейін әкімдіктен 10 миллион теңге бопсалағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Желіде тараған кадрлардан мейрамханада әйел адамның Арай Есенбекке бір пакет ұсынғанын көруге болады. Арай Есенбек "Ананы сөмкеңе салып қой" деп жауап береді.
Жазбаның авторы Оңғар Қабденнің айтуынша, бұл видеодағы оқиғада әкімдік өкілдері журналисті кездесуге шақырып, оның "үнсіздігі" үшін 10 миллион теңге әкелген көрінеді. Алайда журналист ақшаны алудан бас тартып, бұлай жасауға болмайтынын айтқан.
"Видеода бәрі анық көрініп тұр. Ақшаны сотта жәбірленуші деп танылған әкімдік қызметкері алып келген. Ол сотта әкімнің штаттан тыс кеңесшісі екенін айтқан. Қасында әкімдіктің операторы М. есімді азамат болған. Бұл видеоны қарап-ақ, Арай Есенбек негізсіз айыппен қамауда отыр деген қорытынды жасауға болады", – дейді Оңғар Қабден.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте әкімдіктен 10 миллион теңге бопсалаған блогер сотталғаны туралы жазған едік.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"