Үндістанда ауруханадан өрт шығып 10 нәресте көз жұмды
Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Джанси қаласында жаңа туған сәбилерді сауықтыру мекемесінде өрт шығып, салдарынан 10 нәресте қаза тапты. Тағы 16-сы ауыр жағдайда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі dw.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: dw.com
Жергілікті билік неонаталдық бөлімшедегі өрттен кем дегенде 10 жаңа туған нәресте қайтыс болған растады. Деректерге сүйенсек, өрт Джанси қаласындағы Махарани Лакшми Бай медицина колледжінің жаңа туған нәрестелерге арналған жансақтау бөлімінде шыққан.
"Жеті дененің кім екені анықталды. Үш дененің кім екені әлі анықталған жоқ", - деді штаттың бас министрінің орынбасары Браджеш Патхак.
Times Now үнділік басылымының мәліметінше, тағы 16 нәресте ауыр жағдайда. NDTV телеарнасының хабарлауынша, өрт шыққан кезде жаңа туған нәрестелерге арналған жансақтау бөлімінде 54 сәби болған.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты
Әншілер пікір білдірді