"Үндемей-ақ қойғаным жөн": Трамп пен Путин Украинадағы соғысты талқылады
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы Украинадағы соғыс туралы сөйлескенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: interfax.ru
Трамп пен Путиннің қашан сөйлескені белгісіз. Екі президент қанша рет телефонмен сөйлесті деген сұраққа Трамп: "Үндемей-ақ қойғаным жөн" деп жауап берген.
Трамптың айтуынша, Путин "адамдардың (соғыс даласында) өлімін тоқтатуды" қалайды. АҚШ президенті соғысты тоқтату туралы нақты жоспары барын айтты
АҚШ вице-президенті Джей Ди Ванс келесі аптада Мюнхенде өтетін қауіпсіздік конференциясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі.
Бұған дейін Трамп келесі аптада Зеленскиймен кездесуі мүмкін екенін айтқан еді.
Сондай-ақ АҚШ президенті Зеленскиймен қауіпсіздік кепілдігінің орнына сирек металдар мен украин газына қол жеткізу үшін 500 миллион долларлық келісім жасағысы келетінін айтты.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"