"Ұмай" ипотекасына өтінім қабылдау басталған күні тоқтап қалды
"Ұмай" бағдарламасы бойынша әйелдерге арналған жеңілдетілген ипотекаға өтінім қабылдау бүгін басталып, бірнеше сағаттан кейін тоқтатылды. "Отбасы банк" алғашқы 9 миллиард теңгелік қаржыға бөлінген лимиттің сағат 16:00-де таусылғанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйелдерге арналған жеңілдетілген "Ұмай" ипотекасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталды. Бағдарлама Азия даму банкінің қаржысы есебінен жүзеге асырылады. Қаражат бірнеше траншпен бөлінеді. Алғашқы траншқа 9 миллиард теңге қарастырылған.
Алайда ипотекаға сұраныс жоғары болып, бұл қаржы бір күнге жетпей таусылды. "Отбасы банк" мәліметінше, сағат 16:00-ге қарай алғашқы транштың лимиті толық игерілген.

Қазір банк Азия даму банкімен келісіп, келесі траншты жоспардан бұрын алудың мүмкіндігін қарастырып жатыр. Жалпы "Ұмай" және "Жасыл ипотека" бағдарламаларына 90 миллиард теңге тарту жоспарланған. Келесі транш бойынша өтінім қабылдау қашан қайта басталатыны әзірге белгісіз.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты