Ұлы Абайдың суретін дәретханаға төсеп, аяқ сүрткендер елдің ашуын келтірді
Желіде Абайдың суретін дәретханаға төсегендердің суреті жария болды.

Абайдың портреті бейнеленген кілемше унитаз алдында төселіп тұр. Аяқ астына бас ақынның суретін қойғандар көпшілікті ашуландырды. Кейбірі мұның адамдар арасында ілік іздегендердің әдейі жасағаны деп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін де қоғамдық дәретхана алдына Абайдың суреті бейнеленген кілемше төсегендердің әрекеті талқыға түскен еді.
Тіпті қазақстандық студент Корей еліндегі сауда үйінде Ыбырай Алтынсариннің бейнесі аяқ астына төселгенін айтып, дабыл қаққан болатын. Көрейліктер кілемшедегі кімнің бейнесі екенін де білмейтіндерін айтқан. Кейіннен студенттің талабымен кілемшені алып тастауға уәде берген болатын.
Тағы да оқыңыз:
Алматыда жас жігіт троллейбустағы жолаушыларға шайтансыңдар деп айқайлап, намаз оқуға шақырды
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"