Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кореяда Ыбырай Алтынсарин бейнеленген кілемшені аяқ астына төсеп қойған (фото)

Оңтүстік Кореяда оқитын қазақстандық студент  Сеулдің мәдени-тарихи ауданы – Bukchon village-де, әшекей бұйымдарын сататын кішігірім дүкеннің кіреберісінен Ыбырай Алтынсарин бейнеленген төсенішті көрген.

20170424093221

Бұл туралы студент Вконтакте әлеуметтік желісінде жазды.

«Бұл мені есеңгіретіп жіберді. Біріншіден, адам бейнесін төсеніш етіп, таптаудың өзі адамгершілікке жатпайды деп есептеймін. Екіншіден, қазақтың алғашқы педагогының бейнесін көріп, не істерімді білмей абдырап қалдым», – деп жазды пост авторы.

Сондай-ақ, қазақстандық студент төсенішті кіреберістен алғызуға барынша тырысқанын жазған.

U3_qQ9MEdkg

«Сатушылардан төсеніштегі бейненің кім екенін білесіздер ме деп сұрадым, «Білмейміз. Қытайлық біреу шығар…», деп жауап берді. Олардың біріне жағдайды түсіндіре бастап едім, келушілердің көп екенін айтып, мазаламауымды өтінді. Екінші сатушыға бардым, ол менің сөзіме құлақ асты. Менің айтқандарымның растығына, Алтынсаринның үлкен тұлға екеніне көз жеткізу үшін сатушы Алтынсариннің суреттерін интернеттен көрсетуді сұрады. Мән-жайға қанық болған соң, менен кешірім өтініп, төсенішті алып тастауға уәде берді. Өкінішке орай, сатушы төсенішті менің көзімше алған жоқ, дүкенде халық қарасы көп еді. Кейінірек дүкенге тағы да барамын», – деп сөзін түйіндеді студент.

Желі қолданушылары Алтынсарин портретінің Оңтүстік Кореяға қалай жеткеніне таңданыс білдіруде.

Тағы да оқыңыз:

2 млн теңге тауып алған Шымкент тұрғыны иесін іздеп тауып қайтарып берді

Жылап тұрып Аллаға жалбарынған бүлдіршін қыз көпшілікті еріксіз жылатты (видео)

Астанада алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі 14 оқушыны ұрып тастаған

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр