2 млн теңге тауып алған Шымкент тұрғыны иесін іздеп тауып қайтарып берді
Ер адам көшеден қомақты ақшасы бар барсетка тауып алып, оны иесіне қайтаруды ұйғарған.

Шымкентте құрылыс компаниясының қойма меңгерушісі қомақты ақша тауып алды. Кешке жұмыстан кейін Қуаныш Нақыпбеков үйдің маңынан ішінде екі миллион теңгеге жуық ақшасы бар барсетка тауып алды.
“Бірден иелерін іздестіре бастаған Қуаныш, қасындағы дүкендерге барады, табылған төлқұжаттар арқылы жоғалтқан адамдарды іздестіре бастап, ақыры табады. Ақшаны, төлқұжаттарды, барлық ұсақ-түйегімен егелеріне табыстапты”, — деп жазды әлеуметтік желіде құрылыс компания өкілі Алтай Айнабек. Қазақстандықтың әрекеті отандастарды таң қалдырды.
Тағы да оқыңыз:
Бердібек Сапарбаев зәулім үйлер тұрғызған дәулетті отбасылардан тәубеге келулерін сұрады
Алматыдағы қымбат капсула үйлер демалушыларды шошытты: Қонақтар қоқыс пен нәжіске шағымданды
Желі қолданушысы арнайы видео түсіріп, демалыс орнындағы антисанитарияны әшкереледі
Қазақстандық әженің үйін жөндеуге келген еріктілер шатырдан 8 пакет ақша тауып алған: Кейуана оны қайыр тілеп жинаған
Ерікті: "Ақшаның тең жартысы тиын"