Украиналық теннисші Елена Рыбакинамен кездесу ойынынан бас тартты
Украиндық теннисші Леся Цуренко Порторошта (Словения) өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалдық кездесуіне қатысудан бас тартты. Оның қарсыласы Қазақстан атынан 2022 жылғы Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина болған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Championat.com порталына сілтеме жасап.

Осылайша, Рыбакина жартылай финалға жекпе-жексіз өтті.
Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы Ана Богдан (Румыния) немесе Беатрис Хаддад-Мая (Бразилия) болады. Қалған ширек финалда Анна-Лена Фридсам (Германия) Дайан Парримен (Франция) және Катерина Синякова (Чехия) Ясмин Паолинимен (Италия) кездеседі.
Барлық ширек финалдық кездесулер16 қыркүйекте өткізілмек.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

