Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинадағы ресейлік хоккейшілер Қазақстаннан баспана сұрады

Украина құрамасында ойнаған ресейлік хоккейшілер Қазақстаннан эвакуация және баспана алу үшін көмек сұрайды. Соғыс басталғаннан бері Краматорск қаласындағы 20 спортшымен байланыс үзілген. Ресей сыртқы істер министрлігі спортшыларға алғашында көмектесе алмайтындарын айтып, кейін мүлдем өтініштеріне жауап бермей қойған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

хоккей

Қазіргі уақытта соғыс қимылдары мен оқ ату үдеп кеткелі бері спортшылар үйлерінен шықпай отырғандарын айтады. Тығырыққа тірелген ресейліктер эвакуация үшін ақша төлеуге дайын екендіктерін де жеткізді.

Хоккейшілер "Эйр Астана" әуе компаниясының президенті Питер Фостерге және Қазақстан Республикасының Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевқа Украина аумағынан кетуге көмектесуін сұрап, өтініш жасаған.

"Мырзалар назар аударады деген үмітпен, қазіргі орналасқан жерден Қазақстан аумағына эвакуациялау мен алып жүруді ұйымдастыру үшін көмек сұраймыз", – деп жазды спортшылар.

Олардың арасында Қазақстан аумағында тұрып, еліміздің атынан өнер көрсеткен ойыншылар да бар.



Украинадағы жағдай

Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.

"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", – деген ол.

Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.

Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.

27 ақпан күні Украина делегациясы Беларусьтің Гомель облысында Ресеймен келіссөздер жүргізуге келіскені жазылған. Арнайы делегация Беларуське аттанған.

4 наурыз күні өткен Ресей мен Украина арасында өткен екінші келіссөз отырысында екі жақ жақын арада гуманитарлық дәліз ұйымдастырып, кей аймақтарда атысты тоқтататындарын мәлімдеген. Украина президенті кеңсе басшысының кеңесшісі Михаил Подоляктың сөзінше, алда үшінші келіссөз өтеді.

Талқылау