AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украина Беларусь елінде Ресеймен келіссөздер жүргізуге келісті

Украина делегациясы Беларусьтің Гомель облысында Ресеймен келіссөздер жүргізуге келісті. Делегация Беларуське аттанды.

Бұл туралы 27 ақпан күні Беларусь Ұлттық баспасөз орталығы саясаткер Юрий Воскресенскийге сілтеме жасап хабарлады.

"Менің ақпаратым бойынша, президент Зеленский президент Лукашенкоға хабарласты. Президент Лукашенко президент Зеленскийді Украинаның мемлекеттік егемендігін сақтап қалу керек деп сендірді. Ал украин делегациясы қазір Гомельге кетіп бара жатыр", - деді Воскресенский.

Өз кезегінде Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский де Украина тарапының Беларусь аумағында келіссөздер жүргізуге келіскенін растады.

27 ақпан күні таңертең Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Сыртқы істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі және президент әкімшілігі өкілдерінен құралған ресейлік делегация Беларусь Гомель қаласына келгенін және Украина өкілдерін күтетінін хабарлады. Алайда Украина президенті Владимир Зеленский Беларусь аумағындағы келіссөздер жүргізу мүмкін емес екенін айтып,  Варшава, Братислава, Будапешт, Ыстамбұл немесе Бакуде кездесу өткізуді ұсынды.


Қазақстандықтар Украина халқына көмек ретінде бір тәулікте 22 миллион теңге жинады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр