Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Украина халқына көмек ретінде бір тәулікте 22 миллион теңге жинады

Қазақстандықтар Украина халқына көмек жинауда. Бір тәулік ішінде арнайы 22 миллион теңге жиналды. Бұл туралы Тоғжан Қожалы мәлімдеді. 

Украина халқына гуманитарлық көмек ретінде 22 миллион теңге жиналды. Тоғжан Қожалы қазақстандықтарға алғысын айтты.

“Құрметті достар! Менің картамда 12 миллионнан астам теңге бар. Жалпы қаражат екі картаға түседі. Екіншісі Рахымбек Абдрахмановқа түседі. Бүгін 150 жатын қап аламыз. Бауырлас Украина халқына гуманитарлық көмек көрсетуге қатысты үндеуіміз шыққаннан бері қазақстандықтар 22 миллион теңгеден астам қаржы жинады. Украинаның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі біздің үндеуімізге үн қосып, сөзбен де, іспен де қолдау көрсеткен әрбір қазақстандыққа алғысын білдіреді. Бұл ақшаның бір бөлігі Украинаға Польша арқылы жеткізілетін Қазақстандағы дәрі-дәрмек пен басқа да гуманитарлық көмекке жұмсалады”, – деп жазды ол парақшасында.

Логистика Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігінің қолдауымен әзірленген. Қазақстанда сатып алу мүмкін болмаған заттар Польшадан алынады. Польшадан гуманитарлық көмек тікелей Украинаға жөнелтіледі. Бауырлас Украинаға көмек көрсету барысы туралы барлық ақпарат "Ел болашағы" телеграм-арнасында жарияланған. Барлығы 687 операция жасалды.

Айта кетейік, қазақстандықтар бір күн бұрын Украина халқына гуманитарлық көмек ретінде қаражат жинауды бастады.


Лукашенко Зеленскийді ақылынан адасқан деп атады

Талқылау