AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанға оралғысы келетін қазақтар бар": Украинадағы этникалық қазақ отандастарымызға қалай көмектесіп жатқанын айтты

Украинадағы этникалық қазақ Данияр Егамбердиев елдегі жағдай күн санап нашарлап жатқанын хабарлады. Айтуынша, қазіргі уақытта отбасымен бірнеше күн тек жертөледе түнеп жүр. Отандасымыздан Украинадағы қазақтардың жағдайы және елдегі ұлтшылдық белгілері жайлы сөйлестік. 

Данияр Егамбердиев, Stan.kz үшін

Данияр Егамбердиев  – “Достық” Жалпыукраиналық қазақтар бірлестігінің төрағасы. Редакциямыз отандасымызбен тұрақты түрде байланыста және елдегі қазақ диаспорасының жағдайы туралы хат-хабар алмасып тұрады. 

Оның сөзінше, этникалық қазақтардың елдегі жағдайы тұрақты, өлім-жітім, оқыс жағдайлар туралы мәліметтер жоқ. Алайда соғыс басталған елдің тұрғындарының мазасы қашқан, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. 

“Киевтегі қазіргі жағдай алаңдатарлық болып отыр. Қалада атыс, оқ дыбыстарын тұрақты түрде естиміз. Әскери ғимараттар мен объектілерге шабуыл жасалуда. Шынын айтқанда қатты алаңдап отырмыз. 

Біз отбасымызбен жеке секторда тұрамыз, қаладан 15 шақырым жерде. Барлық оқ пен атыстар естіледі. Дабылды естіген кезде жертөлеге тығыламыз”, – дейді Данияр.

Данияр елде ұлтшылдық белгілері соңғы үш жылда анық көріне бастағанын айтады.

“Соғыс әрекеттеріне себеп болған ұлтшылдық пен фашизмнің қалдығын құрту мен қарусыздандыру процесі сияқты. Мұның бәрі 2013 жылғы майданнан басталды. Майданнан кейін билік идеологиялық мағынада орыс тіліне үлкен қарсылық көрсетті. Негізінен қақтығыс тіл мәселесінен бастау алған еді нәтижесінде қоғамның барлық саласында орыс тілі шеттетіліп, белсенді түрде “украинизациялау” процесі жүрді. Сөйтіп адамдардың украин тілінде сөйлеуіне басымдық берілді. Соңғы сегіз жыл біз сияқты аз ұлттар үшін жағдай сәл де болсын жақсара бастады. 


"Жертөлеге күнде барып тығыламыз, бұлай өмір сүру мүмкін емес": Украинадағы қандасымыз елдегі жағдай туралы айтты 


Ресей Украина хақымен емес, ұлтшылдармен соғысып жатқан сияқты. Қоғамда ұлтшыл топтар жастардың басын дуалап алған жағдайға жетті. Біз білсек те, мән бермей жүрдік. Мұның бәрі БАҚ-та жазылған жоқ. Біз де мән бермейтінбіз. Мәселен, 9 мамырда ардагерлердің зиратына барып, фашистік формада сәлемдесетін (қолын алдына қарай тікесінен созу – авт.)жастар саны көбейді. Менің де, әйелімнің де, аталарымыз соғысқа қатысқан. Жанымыз ауыратын, бұл әрекет бізге оңай тимейтін. Біз бәрін көзбен көріп, сезінетінбіз. Бұл –  радикалды ұлтшылдық, қоғам үшін өте зиян”, – дейді ол.

Қазіргі украиналықтардың хал-ахуалын отандасымыз нашар деп сипаттайды.

“Украина азаматтарының көңіл-күйлері жоқ. Соғыстың қандай деңгейде бүлік тудырғанын көзбен көріп отырмыз ғой. Украинада тұратын халық, соның ішінде қазақтар психологиялық тұрғыда қиын кезеңдерге тап болды.

Қазір барлық нысандар, мектептер жұмыс істеп тұрған жоқ. Барлығы жан-жаққа шашырап, кетті. Кезекші бөлімдері ғана жұмыс істеп тұр. Дүкендер, супермаркеттер кейбір жерлерде жұмыс жалғастыруда, бірақ кезек өте көп. Кеше екі жарым сағат кезекте тұрдық. Жанармай бекеттерінде жанармай таба алмадық. Көбі жақын елдерге: Польша, Венгрияға көшіп кетті. Кейбірі үйлерінде қалды, әркім жертөлелерге тығылып, өз мүмкіндігіне байланысты қорғану шараларын жасауда”, – дейді ол.

Данияр билік эвакуация бойынша ешқандай шаралар жасамағанын айтады. Сөзінше, бұл бейбіт адамдардың арасында құрбандар санын арттыру үшін жасалды. Осы арқылы орыстардың әскерін тоқтатамыз деп ойлап отырған сияқты дейді Данияр.

Украинада тұратын қазақтарға да ер адам үндеу жасады.

“Өздеріңе, жақындарыңа абай болыңдар, жарылғыш заттарды жасап, танктерге атудың қажеті жоқ. Мұның бәрінің еш мәні жоқ”, – деді ол. 

Даниярдың өзіне де этникалық қазақтар хабарласып, көмек сұраған.

“Бірнеше қазақ маған жүгініп, жәрдем сұраған еді. Оларға азық-түлік, дәрілер апарып, көмектестік. Диаспорада жасы үлкен кісілер бар. Оларды ардагерлер деп атаймыз. Бізде ортақ чат бар, қандай да бір көмек керек болса, олар бізге жүгіне алады. Сонымен қатар, Қазақстан елшілігімен тығыз байланыстамыз. Украинадағы Қазақстан елшісіне өз кезегінде алғыс айтқым келеді.

Билік бейбіт адамдарға көшуге шақырып жатқан жоқ. Алайда вокзалдарда өте көп адам жиналып, кетпек ниетте болып жатыр. 

“Қазақтар арасында зардап шеккендер мен қайтыс болғандар, қуанышқа орай, жоқ. Егер мұндай ақпарат анықталса, бірден білетін боламын. Алайда қазақтарды қиын кезеңдер күтіп тұр. Қолдау көрсетуге диаспора дайын”, – дейді ол.

Айтуынша, ол барлық облыстардағы қазақтармен қарым-қатынасты үзбей ұстап отыр. Данияр бұл күндер де өтеді деп үміт білдірді. 

“Қазіргі күніміздің қадірін білейік, бейбітшілікті сақтайық. Екі майданнан өттік, енді қиын-қыстау кезеңнен өттік па дегенде, тағы соғыс. Бұл майдандар ешқандай жақылық әкелмейді”, – дейді ол.

Оның сөзінше, соңғы уақытта қазақ диаспорасынан эвакуациялануға ниет білдіргендер бар. Қазақтан елшілігі шараны ұйымдастыруға жәрдемдесетінін айтқан. Қазірдің өзінде тарихи отанына оралуға 6 адам өтініш білдірген.  

Еске салсақ, Украинадағы соғыс басталмай тұрып елдегі қазақтар орын алуы мүмкін соғыс туралы айтқан еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр