AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинада тұрып жатқан қазақтар елде орын алуы мүмкін соғыс туралы айтуда: Бірі азық-түлік қорын жинаса, енді бірі батысқа көшіп жатыр

Жақында Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін деген ақпарат таралғалы елдегі жағдай шиеленісе түскен. Әлемдік БАҚ Украинаның эскалацияға алынуы туралы жарыса жазуда. “Басып кіру” датасы ретінде сарапшылар 15,16 ақпанды атаған. Осыдан соң 35 ел өз азаматтарын Украинадан кетуге шақырған. Ал АҚШ президенті Джо Байдан Эн-би-си телеарнасына берген сұхбатында “АҚШ азаматтарына дәл қазір кету керек” деп мәлімдеген. Ол Ресейді әлемдегі ең үлкен армия деп атап, жағдайдың бір сәтте сұмдық салдары туындауы мүмкін екенін айтты. Осы ретте Stan.kz тілшісі Украиндағы қазақтардың жағдайы туралы сұрастырып, елдегі ахуалды білді.

Данияр Егамбердиев жұбайымен, жеке архивтен

“Достық” Жалпыукраиналық қазақтар бірлестігінің төрағасы Данияр Егамбердиевпен сөйлесіп, елдегі ішкі жағдай мен азаматтардың көңіл күйі жайлы сұрадық. 

53 жастағы Данияр Егамбердиев елдегі ахуал туралы айта келе, дәл қазіргі сәтті жағдай тұрақты болғанымен, азаматтардың көңілінде алаңдаушылық, үрей барын жеткізді.

Даниярдың ел астанасы Киевте отбасымен тұрып жатқанына шамамен 40 жылдай уақыт болған.  Отандасымыз Совет Одағы уақытында дүниеге келіп, 1985 жылы Украинаға оқуға келген соң, осында тұрақтап қалады. Бүгінде оның екі қызы, төрт немересі бар. Сөзінше, оның жанұясы – Украинадағы таза қазақ отбасыларының бірі.

“Жұбайым Бибіайша екеуміз бір ауылданбыз. Ол оқуын Ресейде бітірген. Таза қазақ отбасымыз. Қазір немерелерім балабақшаға барады”, – дейді Данияр Ғаппарұлы.

Айтуынша, Украинадағы азаматтардың көңіл-күйі мәз емес, іштей уайым бар.

“Елдегі қазақтар арасында егде жастағы адамдар көп, олардың бірқатары телефон соғып сауалдарын қойып жатыр, бір сөзбен айтқанда уайымға салынып отыр”, – дейді ол. 

Оның сөзіне қарағанда, қақтығыс жағдайына тұрғындар әркім өз бетінше дайындалып жатыр.

“Бүгін қаланың орталығында көлікпен жүріп өттім. Соңғы күндері авто көліктер саны едәуір азайған. Әдетте, Киевте сұмдық кептеліс болады. Қазір қала тыныш. Мәліметтерге сәйкес, шетелге көшіп жатқандар бар. Балаларын да қоса алып кетіп жатыр. Таныстарымның ішінде біреулер батыс Украинаға қоныс аударған. Көбіне Ивано-Франковск, Львовск, Тернопольск облысының тұрғындары көшіп жатыр. Олардың көшудегі мақсаты не екенін білмеймін. Бірақ әркімнің өз себептері бар сияқты”, – дейді Украинадағы қазақтар диаспорасының басшысы. 



Сөзінше, осыған дейін Қазақстанға көшу туралы ойы болған. Алайда ойлана келе, осында тұрақтауды шешкен.

“Біз отбасымызбен ешқайда кетуге дайындалып жатқан жоқпыз. Бізде мұнда жеке секторымыз бар. 2014 жылғы майдан кезінде көшіп келгендердің көбі елден көшіп жатыр. Қорқып жатқандары байқалады. Ал біз осында қаламыз, себебі шаңырағымыз, үйіміз осында”, – дейді ол. 

Адамдар қақтығыстың болуына дайындалып жатыр деуге болады, дейді бірлестік басшысы.

“Оны тұрғындардың азық-түлікті көптеп алып, қор дайындап жатқанынан байқауға болады. Адамдар Нұр-Сұлтанға, Алматыға баратын ұшақ билеттері жайлы жиі сұрай бастады, – дейді Данияр.

Қалада мектепке баратын оқушылар саны азайған көрінеді. Даниярдың сөзінше, қарапайым мектептерде жағдай  қалыпты, алайда жекеменшік мектептерде оқиын оқушыларды ата-аналары алып кеткен.  

Данияр жағдайды күн сайын одан ары ушықтырып көрсетіп жатқанын жеткізді. Айтуынша, теледидар, әлеуметтік желілерде бұл процесс байқалады. Бұл өз кезегінде адамдарға да әсер етеді, ішкі қорқыныш пен үрей ұлғая түседі, деп атап өтті ол. 

“Мұның бәрі немен аяқталатынын білмейміз. Іште үлкен уайым бар”, – дейді ол.

Сондай-ақ, диаспора басшысы Қазақстан елшілігімен тығыз қарым-қатынаста екенін жеткізді. Жақында ол елшімен кездесіп, Қазақстандағы және Украинадағы жағдай туралы сөйлесіп, алаңдаған сұрақтарымызды қоямыз деп отыр.

Киев қаласының тағы бір тұрғыны, жерлесіміз Батыр Ниязовтың елде тұрып жатқанына он жыл болған. Ол “Достық” қазақ мәдени орталығының мүшесі. Отбасылы, жеке кәсіппен айналысады.

Оның сөзінше, қазір тұрғындар арасындағы жағдай тұрақты. 

“Алаңдаушылық қатты көп емес, алайда бірен-саран адамдар болған жағдайға қатысты “не істеуге болады” деп бас қатырып жүргендері рас. Жалпы тұрғындар күнделікті тіршілікпен жүр. Мектептер істеп тұр.

Халық арасында дүрбелеңге салынып жатқандар желідегі түрлі ақпараттың әсерінде жүргендер. Дүрбелеңге салыну-салынбау әркімнің өзіне байланысты. Ондай жағдай болмай-ақ қойсын. Өзімізде де іштей қобалжу бар, әрине”, – деп пікір білдірді ол. 

Соңғы жылдың ресми статистикасы бойынша, Украинада 40-47 мың қазақ тұрады. Бұл цифрларға Қырым автономиялық республикасы, Донецк, Луганск облыстары да кіреді. Қазақтар арасында әртүрлі маман иелері бар, соның ішінде инженерлер, дәрігерлер, кәсіпкерлер көбірек. Мұнда тұратын жерлестеріміз көбіне Совет Одағы уақытында көшіп келгендер. Олардың көбі бүгінде егде тартты, енді қазір балалары, немерелері елде тұрақтап қалған.

“Достық” Жалпыукраиналық қазақтар бірлестігі өз кезегінде егде тартқан адамдарға, ардагерлерге көмектеседі екен.

“Қазақтардың арасында көмекке мұқтаж жандар жағдайы бақыланады. Кәсіпкерлер тобы бар, олар әрдайым көмек қолдарын созып отырады”, – дейді бірлестік басшысы Данияр Егамбердиев.

Еске салсақ, АҚШ президенті Джо Байден бұған дейін Ресей 16 ақпанда Украинаға шабуыл жасауы мүмкін екенін айтқан. Der Spiegel журналының жазуынша, Ресейдің осы күні басып кіруі мүмкін екенін ЦРУ мен АҚШ әскерилері де қостаған. Ал бүгін Украина президенті Владимир Зеленский халыққа бейнеүндеу жолдап, 16 ақпанның мемлекеттік мереке – Украина бірлігі күні болатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол елден кетіп жатқан кәсіпкерлердің қайта оралуын сұрады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр