Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдің Украинаға басып кіруі бірнеше елге кері әсер етеді: Сарапшы пікірі

Ресейдің Украина жеріне басып кіру ықтималдығы энергия бағасының көтерілуіне және сұраныстың төмендеуіне әкеліп соқтырады, бұл өз кезегінде бірнеше елдерде экономиканың әлсіреуін туғызады. Мұндай болжамды сарапшы Морган Стэнли айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg сайтына сілтеме жасап.

россия украина 444

Морган Стэнлидің АҚШ-тың акциялар бойынша бас стратегі Майкл Уилсон әскери әрекет туралы айта отырып, оны полярлық "құйынмен" салыстырған. Ол бұл жағдайда энергетикалық компаниялардың акцияларының құлдырау қаупі жоғары болатынын түсіндірді.

Өткен демалыс күндері Украина мен Ресей арасындағы жағдай күрт нашарлап кетті. "Politico" газеті америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап, Ресей 16 ақпанда басып кіруі мүмкін екенін айтты. 

Кейінірек АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан бұл ақпаратты жоққа шығарып, бірақ Ресейдің кез келген күні басып кіруі мүмкін екенін растады.



Күннен күнге өсіп келе жатқан екі елдің саяси кикілжіңі нарықтарға әсерін тигізе бастады. 14 ақпандағы аукционда Еуропада газ бағасы 13 пайызға қымбаттаған. Бұл ретте Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі келіссөздерінің бағасы барреліне 0,9 пайызға өсіп, 96,02 долларды құрады.

Айта кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский 14 ақпан күні халқына бейнеүндеу жолдап, 16 ақпанның мемлекеттік мереке – Украина бірлігі күні болатынын мәлімдеген еді. 

Зеленский өз үндеуінде: "Біз ешқашан оңай беріліп көрмегенбіз және олай болмайды да... Ия, қазір сіздерге айнала қараңғы болып көрінуі мүмкін. Бірақ ертең біздің бейбіт аспанымызға күн қайтадан нұрын шашады. Украинаны сүйіңіздер! Біз сабырлымыз. Біз мықтымыз. Біз біргеміз. Ұлы мемлекеттің ұлы халқы", - деген.

Талқылау