AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байден Ресейдің Украинаға басып кіретін күнін жариялады

АҚШ президенті Джо Байден 11 ақпанда Батыс елдерінің басшыларымен, Еуропалық одақ пен НАТО-мен бейнеконференцияда 16 ақпан күні Ресей Украинаға басып кіреді деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тағы бірнеше шенеунік Президенттің бұл мәлімдемесін растады. Вашингтон одақтастарына шабуылдың алдында "зымыран шабуылдары мен кибершабуылдар" болатынын ескертті.

Еуропалықтар картинаны басқаша көріп тұрғанын айтты. Ұлыбританиялық шенеунік 16 ақпан туралы "бізде басқаша ақпарат бар" деді. Еуропалық Одақтың екі дипломаты бұған одан да күмәнмен қарады. Біреуі "олар әлі де мұндайдан бас тартады" деді. 

Соған қарамастан, келіссөздерден кейін бірқатар елдер өз азаматтарына жақын арада Украинадан кетуді ұсынды. Оңтүстік Корея 13 қаңтардан бастап отандастарына Украинаға баруға тыйым салды. Ұлыбритания елшілік қызметкерлерін эвакуациялайтындарын хабарлады. Сонымен қатар АҚШ  өз дипломаттарын шығаруға ниетті екендерін айтты. 



Сондай-ақ Bloomberg сайтында Байден туралы жаңалықпен бір уақытта тағы бір материал пайда болды. Онда шабуылдың басталу күні ретінде 15 ақпанды атаған. Анонимді дереккөздердің мәліметтері бойынша, Ресей Донбаста провакациялық әрекеттер бастауы немесе Киевке шабуыл жасауы мүмкін. Бұл ретте олар ақпараттың растығын көрсететін қандай да бір дәлелдемелер ұсынған жоқ.

Алайда, бұған дейін америкалық ақпарат агенттігі 5 ақпанда Ресейдің Украинаға "басып кіруінің басталуы" туралы хабар таратып, өз аттарына кір келтірген. Кейіннен Bloomberg жалған деректер жариялағаны үшін кешірім сұрады. 

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова АҚШ-та айтылған болжамдарға байланысты жауап берді. Ол арандату, жалған ақпарат және қауіп-қатер туралы хабарлау Вашингтонның өз мәселелерін шешудегі сүйікті әдісі екенін атап өтті.

"Ақ үйдің ойы бұрынғыдан да айқын. Англо-саксондарға әрқашан соғыс қажет. Қандай жағдай болмасын. Американың әскери-саяси машинасы адамдардың өміріне қайта араласуға дайын. Бүкіл әлем милитаризм мен империялық өршілдіктің өзін қалай әшкерелейтінін  бақылап отыр", — деп қосты дипломат.

Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский Ресей әскерлері әлі де өз аумағында екенін айтты.

"Кейбір ақылды адамдар АҚШ бұндай әрекеттерді тоқтатқанына сенімді болған. Мүмкін олардың бір сәтсіздіктен кейін екінші демі ашылған шығар", - деп дипломат жағдайды бағалады.

Төраға орынбасары АҚШ-қа Украинаға басып кіруді ұсынды. Өйткені "мұндай дүрбелең туғызғаннан кейін ақыр соңында мұны біреу істеуі керек".

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр