AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен террорист емес, кішкентай баламын": Оқушы "Майнкрафт" ойыны үшін түрмеге тоғытылды

Ресейде сот Канск қаласының 16 жасар тұрғыны, студент Никита Уваровты террористік әрекеттерді насихаттады деген айыппен бес жылға бас бостандығынан айырған. Іске жасөспірімнің Minecraft компьютерлік ойынындағы әрекеттері негіз болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC порталына сілтеме жасап.

Канск қаласының Шығыс аудандық әскери сотының алқасы Никита Уваровты бес жылға бас бостандығынан айыруға және 30 мың рубль айыппұл төлеуге үкім шығарды. Сотта екі айыпталушы тергеуді жеңілдеткені үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ал прокуратура оларды алты жылдан тоғыз жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасына кесуді ұсынды. Жасөспірімдерге лаңкестік әрекет жасау мақсатында дайындықтан өткен деп қылмыстық кодекстің 205 тармақтың 3-бабы бойынша айып тағылды. Сот жабық түрде өтті.

"Мен жай ғана достарымен араласқысы келген баламын. Мен террорист емеспін", –  деді бірінші сот отырысында 16 жастағы Никита Уваров.

Ол мұны тұтқындалар алдындағы соңғы сөзінде де қайталады. Жасөспірімдерге қатысты іс олар 2 жыл бұрын 14 жаста болған кезде қозғалған.

Айта кетсек, 2020 жылдың жазында Канск қаласының үш оқушысы "Единая Россия" кеңсесін өртеп жібермек болды деп айыпталған мәскеулік студент және анархист Азат Мифтаховты қолдайтын парақшаларды қаланың айналасына іліп қойғаны үшін ұсталған болатын. Ұсталғаннан кейін тәртіп сақшылары мектеп оқушыларының телефондары мен хат-хабарларын тергеу арқылы ФСБ ғимаратын Minecraft компьютерлік ойынында тұрғызып, оны іс жүзінде жарып жіберуді жоспарлағанын анықтады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр