Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресейдің тарихи жерлерін тартып алды": Путин Украинаны Ленин құрғанын мәлімдеді

Ресей президенті Владимир Путин 1917 жылдан кейін Украинаның қазіргі шекарасын қалыптастыру кезінде Ресейдің тарихи аумақтарының басым бөлігі Украинаға өтіп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “РИА Новости” басылымына сілтеме жасап.

"Оңтүстік-Шығыстағы (Украина) Донбасста болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарауға тура келді. Ол бастапқыда 1922-1924 жылдары КСРО кезінде Ресейдің бір бөлігі ретінде болған. Бірақ Ленин мен оның жақтастары жерді Украинаға бердіщэ", - деді Путин.

Мемлекет басшысы большевиктер алдымен Донбассты Ресей құрамына қосу туралы шешім қабылдағанын, бірақ көп ұзамай шешімін өзгерткенін еске салды.  

Ресей президенті Владимир Путин Украинаны КСРО құрылуы кезінде Владимир Ленин құрғанын айтты. 

Путиннен Украинаға немесе басқа мемлекетке агрессия жасамауға кепілдік бере ала ма деп сұрады.

"НАТО-ның Шығысқа жылжуы талқыланбайтын мәселк. Бұл жерде не түсініксіз? Бұл біздің үйге ешқандай жүйе орнатпау деген шектен шыққан талап па?" - деп жауап берді президент.

Бұған дейін Путин қырымдықтарды қорғаудан бас тартуға болмайтынын айтқан.

Талқылау