Украинадағы отандастарымызды эвакуациялау үшін екінші борт Атыраудан Польшаға аттанды
Украинадағы қазақстандықтарды елге қайтару үшін екінші борт Атыраудан Польшаға ұшып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан азаматтарына арналған екінші борт Атыраудан Катовицаға Нұр-Сұлтан уақытымен 10:13-те ұшып шықты. Ұшақ Катовицаға шамамен 14:19-да жетеді", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 28 ақпанда отандастарымыз мінген алғашқы рейс Алматы әуежайын қонған еді. Ұшақ бортында Украинадан Польшаға эвакуацияланған 175 адам болған. Олардың алтауы нәрестелер.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн