AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыға Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген алғашқы рейс қонды

"Эйр Астана" ұшағы Алматы әуежайына сағат 22:35-те қонды. Ұшақта Украина аумағынан Польшаға эвакуацияланған 175 қазақстандық, оның ішінде алтауы сәби болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Терминалда қазақстандықтарды гүл шоқтары мен шарлар ұстаған туыстары, сондай-ақ көптеген БАҚ өкілдері күтіп алды. 

Қазақстандықтар Польшаның Катовице қаласынан Алматыға Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 16:25-те ұшты.

А-321 ұшағында барлығы үш репатриация рейсін орындау жоспарлануда. Екінші рейс 28 ақпан күні сағат 14:00-де Атыраудан Катовицеге ұшады деп күтілуде.

Еске салайық, 26 ақпанға қараған түні ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтармен алғашқы репатриация рейсі 26 ақпан күні таңертең Катовице әуежайынан жүзеге асырылатынын хабарлаған болатын. Ол кезде Киев пен Львовтан келген қазақстандық дипломаттардың сүйемелдеуімен Қазақстан азаматтары мінген көліктер Польша шекарасына қарай ілгерілеген. 26 ақпанда түс ауа кептеліске байланысты Польшамен шекарада әлі 204 адам тұрғаны, рейс кейінге шегерілгені белгілі болды.  Кейбір жолаушылар кептелісте жеті сағаттан астам тұрып қалды.

Алматы әкімдігі Украинадан эвакуацияланған тұрғындарға трансфер, қонақүй, үш мезгіл тамақ және басқа да қажетті көмекті ұйымдастырды.

Барлығына Алматыда болған кезде жан-жақты қолдау көрсетіледі, делінген әкімдік хабарламасында. Қажет болса, медициналық мамандардың қызметі, оның ішінде психологиялық көмек көрсетуге дайын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр