Қазақстанға циклон жақындап келеді: Ауа райы өзгереді
17–19 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылады. Батыс пен солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ал оңтүстікте күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ел аумағындағы ауа райы жиі өзгермек. Қазақстанның басым бөлігіне салқын әрі жауын-шашынсыз күн райын әкелген антициклон біртіндеп шегінеді.
Оның артынан еліміздің батысына циклон келеді. Кейін ол солтүстік өңірлерге қарай жылжып, жаңбыр мен найзағайға, желдің күшеюіне себеп болады.
Ал оңтүстік өңірлерге Өзбекстан жақтан жылы ауа келеді. Сондықтан мұнда 17–19 қыркүйекте күн жылы болып, жауын-шашын болмайды.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"

