Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ өз азаматтарын Ресейден дереу кетуге шақырды

Мәскеудегі АҚШ елшілігі америкалық азаматтарға Ресейден дереу кетуге кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

америкааа

Америкалық дипломаттар Ресейдегі АҚШ азаматтары "әлі де қолжетімді" коммерциялық рейстерді пайдаланып қалуы керек екенін айтқан.

"Көптеген әуе компаниялары Ресейге және Ресейден келетін рейстерді тоқтатып жатыр, ал көптеген елдер әуе кеңістігін ресейлік әуе компаниялары үшін жауып тастады. АҚШ азаматтары әлі де қолжетімді ақылы рейстермен Ресейден шығу мүмкіндігін қарастыруы керек",  – делінген мәлімдеме елшіліктің сайтында жарияланған.



Елшіліктің мәліметінше, Украинадағы америкалықтарға қауіпсіз болған жағдайда ғана өз бетінше шығуға рұқсат етіледі. Мемлекеттік департамент Польша, Молдова, Венгрия, Румыния және Словакиямен құрлықтағы шекарадан өтуге кеңес береді.

Елшілік америкалықтардан "АҚШ үкіметі көмегіне зәру болмайтын іс-қимыл жоспарын" ойластыруды да сұрады.

Еске салайық, жақында Еуроодақ Ресей ұшақтарының бүкіл аумағы бойынша ұшуына толық тыйым салуды қамтитын жаңа санкциялар пакетін енгізген болатын. Канада мен Нидерланды да барлық ресейлік операторлар үшін әуе кеңістігін жауып тастаған. Осылайша ресейлік ұшақтар үшін 20 мемлекетке кіру мүмкін емеске айналды.

Талқылау