Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ресей мен Украинаның келіссөздер өткізуі үшін алаң ұсынуға дайын – СІМ

ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қажет болса, Қазақстан Ресей мен Украинаның келіссөздер өткізуі үшін алаң ұсынуға дайын екенін хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

"Орыс және украин халықтары біз үшін бауырлас халықтар, сондықтан біз, әрине, алаңдаймыз. Өз тарапымыздан делдалдық қызметтерді пайдалану үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Егер екі тарап та қажет деп тапса, біз келіссөздер алаңын ұсынуға дайынбыз", – деді Тілеуберді Женевада өтіп жатқан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі сессиясының аясында. 

Сондай-ақ ол бұл туралы әлі ешқандай келісім жоқ екенін айтты.

Сонымен қатар, министр Ресейге қарсы енгізілген санкциялар Қазақстанға кері әсерін тигізуі мүмкін екенін айтты, өйткені санкциялар Еуразиялық экономикалық одақ елдері экономикасына да бағытталған. 

"Біз Ресеймен Еуразиялық экономикалық одақта болғандықтан, Ресейге қарсы қолданылатын санкциялар ЕАЭО-ның барлық мүшелерінің экономикасына әсер ететіні сөзсіз. Қазірдің өзінде біз рубль мен теңгенің долларға, еуроға шаққандағы бағамының төмендегенін байқап отырмыз", – деді министр.

Талқылау