AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ал бізде соғыс болса ше?": Төтенше жағдайлар қызметі қазақстандықтарға бомбадан қорғану орындары туралы ақпаратты айтудан бас тартты

Қазақстанда ертең 1 наурыз күні дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні шеңберінде барлық сиреналар іске қосылатыны туралы айтылған еді. Осы ақпарат халық арасына тарағаны сол еді, әлеуметтік желілерде бомба соққысынан қорғанатын жерлерді іздеген адам қарасы көбейді. Әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларының тұрғындары шындап табуға кіріскендей. Алайда төтенше жағдайлар министрлігі бұл мәліметті құпия деп атап, жария етуден бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бомбоубежище

Ерлан Сәкенов есімді тұрғын қызығушылық үшін Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментіне хабарласып көргенін айтады.

"Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті – 112-ге қоңырау шалдым. Олар мені 109 нөміріне аударды. 109-да мұндай ақпарат жоқ екенін айтып, қайтадан төтенше жағдайлар департаментіне қайтарды", – деп жазады тұрғын желідегі жазбасында.

Сәкеновтің сөзінше, әлеуметтік желілерден іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеген.

"Бомбадан қорғанатын орын туралы ақпарат кімде бар? Қазақстанда жалпы мұндай орындар бар ма? Мұнымен кім айналысады?" – дейді жауап іздеген азамат.

Алматылық тұрғын Гүлім Рақымқызы 1 наурызда болатын оқу-жаттығу жұмыстарын толыққанды өткізгісі келетінін айтады.



"Қосылған сиреналардан кейін, дабыл соғылған уақытқа арналған рюкзагымды алып, мысықтарды арнайы тасымалдаушы себетке салып, ең жақын жерде орналасқан бомбадан қорғану орнына барсам деймін. Бірақ менің алдымда "бұл орындар қайда?" деген сұрақ туындады. Бір жерден олар туралы ақпараттың құпия екенін оқып қалған едім. Бірақ төтенше жағдай уақытында қайда бару қажеттігін қайдан білуге болады?" – дейді Рақымқызы.

"Ақпарат құпия"

Көпшіліктің жазбасынан кейін сұрақтарға жауап алу үшін төтенше жағдайлар департаментіне хабарластық. Алматы қаласы бойынша жауапты департамент өкілі бомбадан қорғану орны туралы ақпараттың құпия екендігін айтты.

"Бомбадан қорғану орындары өнеркәсіптік нысандар болып табылады. Бұл туралы ақпарат жария етуге жатпайды. Соғыс жағдайы туындаған уақытта ғана халық қауіпсіз аймаққа көшіріледі", –  деп жауап берді департаментте.

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің өкілі қажеттілігі туындаған жағдайда ғана бомбадан қорғану аймағына барлығы жіберілетінін айтып, қауіпті аймақта ешкімнің қалмайтынын жеткізді. Бірақ мегаполисте мұндай аймақтардың санын айтып, түсін түстеуге тыйым салынған екен.

Біз хабарласқан министрлік өкілдерінің барлығының жауабы осыған саяды. Қазақстанда бомбадан қорғану орындары бар, бірақ ол туралы нақты ақпарат ел басына күн туған уақытта ғана жария етіледі. Алайда ол күннің бетін ары қылсын дейміз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр