Украинадағы жертөлелерде атыс кезінде 3 нәресте дүниеге келген
Украинада бомбадан жасырынуға арналған паналарда 3 бала дүниеге келген. Бұл туралы Украина денсаулық сақтау министрі Виктор Ляшко мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Херсонда, бомбадан жасырынуға арналған панадағы перзентханада 2 ұл бала дүние есігін ашқан.
"Дүниеге келген екі баланың генетикалық кодында "Соғыс" бар. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз және кешіре алмаймыз", – деді Денсаулық сақтау министрі.
Ал 25 ақпанда Киев метросында жасырынған жүкті әйел қызды болды. Нәрестенің есімін Мия деп қойған.
"Мия панада Киевті бомбалау кезінде дүниеге келді. Анасы қиын жағдайда босанғанына қарамастан бақытты", – деп жазды белсенді Анна Гопко.
Айта кетейік, Қазақстанда Украина халқына көмек ретінде бір тәулікте 22 миллион теңге жиналғанын хабарлаған едік. Бұл туралы Тоғжан Қожалы мәлімдеген.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда