Аз төлеп, көбірек алыңыз: Halyq QR саудаңызды қалай тиімді етеді?

QR арқылы төлем жасау күнделікті сатып алудың қалыпты бір бөлігіне айналды. Жұмысқа барар жолда кофе алудан бастап, супермаркеттен азық-түлік сатып алуға дейін QR арқылы төлеу ыңғайлы. Алайда кассада төлем тәсілі көбіне сауда орнында қай банктің терминалы тұрғанына байланысты болатын. Клиенттер тиісті қосымшаны іздеуге немесе басқа картаны таңдауға мәжбүр еді.
Енді Halyk клиенттеріне өз шотынан төлем жасау оңайырақ. Halyk QR арқылы басқа банктердің POS-терминалдарында да төлем жасауға болады. Ол үшін Halyk SuperApp қосымшасын ашып, QR кодты сканерлеп, төлемді растау жеткілікті. Сонымен қатар клиенттерге қосымша 0,5% бонус ұсынады.
Бұл шартты Halyk-тың барлық клиенті қолдана алады. Кассада басқа банктің терминалы болса да, Halyk SuperApp қосымшасындағы QR арқылы есеп айрысып, 0,5% бонус алуға болады. Акция 2026 жылғы 30 қарашаны қоса алғанға дейін жарамды.
Бонустар сәтті төлем жасалғаннан кейін автоматты түрде есептеледі. Оларды, мысалы, коммуналдық қызметтерді төлеуге, ұялы телефон балансын немесе көлік картасын толықтыруға пайдалануға болады.
"Бүгінде клиент үшін кассада қай банктің терминалы тұрғаны маңызды болмауы керек. Ол ақшасын Halyk-тағы шотында сақтап, үйреншікті Halyk SuperApp қосымшасын ашып, QR арқылы бірден төлем жасай алады. Біз бұл процестің қарапайым ғана емес, тиімді болғанын қалаймыз: клиент күнделікті саудасын жасап, артық әрекетсіз-ақ бонус алады", – деді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Кирил Бачваров.
Ал Halyk+ бағдарламасына қатысушылар үшін Halyk-тің POS-терминалдарында Halyk QR арқылы төлем жасаған кезде жоғары мөлшердегі бонустар сақталады. Клиент санатына қарай бонус мөлшері 10%-ға дейін жетуі мүмкін.
Осылайша клиент кассада қай банктің терминалы тұрғанына қарамастан, өзіне таныс бір төлем тәсілін пайдалана алады. Басқа банктердің терминалдарында Halyk QR арқылы жасалған сатып алуға 0,5% бонус, ал Halyk желісінде Halyk+ қатысушыларына 10%-ға дейін жоғары бонус есептеледі.
PISA-2025: Қазақстанның білім көрсеткіші ТМД және әлем елдерімен салыстырғанда қандай?