Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер несеп жолын үзіп алған қазақстандықтың жыныс мүшесіне протез салып берді

оооооо
Фото: Pexels

Алматыда ер адам үйінің құрылыс жұмыстары кезінде жамбас сүйегін сындырып, несеп жолын үзіп алды. №7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері оған жыныс мүшесінің протезін салып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Алматыда №7 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері ауыр жамбас және несеп-жыныс жүйесі жарақаттап алған. Науқастың жасы 40-та. 

“Мұндай жарақаттар урология мен травматологиядағы ең күрделі жағдайлардың қатарына жатады және өлімге әкелуі мүмкін. Науқас аман қалған жағдайда мұндай жарақаттар әдетте зәр шығарудың ауыр бұзылыстарына, мүгедектікке және ағзаның маңызды функцияларының жоғалуына әкеліп жатады”, – деп мәлімдеді Алматы қаласының денсаулық сақтау департаменті.

№7 қалалық клиникалық аурухананың директоры, PhD докторы Нурдос Кадырбековтің айтуынша, бұл клиникалық жағдай заманауи урология мен реконструктивті ортопедияның мүмкіндіктерін көрсетеді.

"Мұндай жарақаттар клиникалық тәжірибеде ең ауыр әрі сирек кездесетін жағдайлардың бірі саналады. Мамандарымыздың кәсіби біліктілігі мен заманауи технологияларды қолданудың арқасында біз науқастың өмірін сақтап қана қоймай, жоғалған функцияларын қалпына келтіріп, оның толыққанды өмір сапасына қайта оралуына мүмкіндік бердік", — деп атап өтті Нурдос Кадырбеков.

 Айта кетейік, әлеуметтік желіде балағат сөз айтқаны үшін қызметінен қуылған дәрігер сот арқылы жұмысына қайта оралды

Ислам Әден
Бейсенбі, 10 Қыркүйек, 2026 15:57