Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада Toyota Land Cruiser көлігін ұрлаған 6 жастағы баланы полиция қызметкерлері тоқтатты

оооооо
Фото: Бейнероликтен үзінді

Қызылорда қаласының полиция қызметкерлері Toyota Land Cruiser ұрлап кеткен 6 жастағы баланы ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Полицияның мәліметінше, Қызылорда облысы полиция департаменті Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдеу кезінде көлікті тізгіндеп келе жатқан баланы байқаған. Олар дер кезінде араласып, жол апатының алдын алды. Тексеру барысында көліктің әкесінің атына тіркелгені анықталды.

“Кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне қатысты баланы тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды”, – деп жазды Полиция департаменті өзінің жауабында.

Сот әкесін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты. Полицейлер баламен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Сонымен қатар, қазір республика бойынша "Балалар, назар аударыңыздар!" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Ол кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

“Полиция ата-аналарға балаларының қауіпсіздігіне бей-жай қарамау қажеттігін еске салады. Кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын басқаруына, сондай-ақ түнгі уақытта балалардың көшеде қараусыз қалуына жол бермеңіздер," – деп хабарлады ПД.

Айта кетейік, депутат қазақстандық мектеп оқушыларына дұрыс амандасуды үйретуді ұсынды.

Ислам Әден
Бейсенбі, 10 Қыркүйек, 2026 17:19