Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 450 теңгеден төмендеді
Қазақстандағы айырбастау орындарында доллар бағамы айтарлықтай төмендеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
16:45-тегі жағдай бойынша Астанадағы айырбастау орындарында доллар орта есеппен 454 теңгеден сатылып, 447 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда америкалық валютаны сату бағасы – 450 теңге болса, сатып алу бағасы орта есеппен 447 теңге болды.
Қазақстан Ұлттық банкінің 10 қыркүйектегі ресми доллар бағамы – 456,89 теңге.

Бұған дейін экономикалық сарапшы қыркүйекте доллар құны қалай өзгеретінін айтып, қаржы нарығына болжам жасаған еді. Сарапшының сөзінше, қазіргі уақыттағы долларды 465 теңге болуы – ұсыныс пен сұраныстағы құны орынды. Алайда күз және қыс айларына қарай доллардың құны 480-490 арасында жүруі мүмкін.
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда
Жасы 90-нан асса да ел тізгінінде: Әлемдегі ең егде президенттер кімдер
20 президенттің 12-сі Африка елдерін басқарады