Ұлттық банк теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайға және теңге бағамына байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банк мәліметінше, шілде айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 доллар үшін 473,81 теңге болып, 1,3%-ға нығайған.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 369 миллион доллардан 389 миллион долларға дейін ұлғайған. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 8,6 миллиард долларды құрады.
Биржа нарығында Ұлттық қордан сатылған валюта көлемі шілде айында 200 миллион долларды құрады. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 2,3%-ын немесе күніне шамамен 9 миллион долларды құраған.
Ұлттық банк шілде айында валюталық интервенциялар жүргізбеген.
Тамыз айында Ұлттық банктің биржа нарығында Ұлттық қордан валюта сату көлемі 200 миллион доллардан бастап 300 миллион долларға дейінгі көлемді құрайды.
“Шілде айында теңестіру операциялары шеңберінде шамамен 374 миллиард теңге алынды. Тамыз бойы осы мақсатта 374 млрд теңге баламасында валюта сату күтілуде. Ұлттық Банк Ұлттық қор қаражатымен операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ теңестіру тетігін іске асыру барысында нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайды”, – делінген хабарламада.
Ұлттық банк мәліметінше, қысқа мерзімді келешекте теңге бағамының динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуал мен геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады.
“Ұлттық банк қаржылық теңгерімсіздікке жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады”, – делінген ресми хабарламада.
Еске салсақ, 2026 жылдың шілде айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендеткені туралы жазған едік.
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
Оқыңыз