Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кездесу нәтижесіне сенбеймін": Зеленский Украина мен Ресей арасындағы келіссөз жөнінде

Украина президенті Владимир Зеленский Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөз туралы пікір білдіріп, кездесу нәтижесіне сенбейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

украина

Зеленскийдің айтуынша, Припять өзенінде кездесу туралы ұсынысты Александр Лукашенко білдірген. 

"Шынымды айтайын, мен бұл кездесудің нәтижесіне сенбеймін. Бірақ тырысып көрсін. Себебі Украиның бірде-бір азаматында президент ретінде соғысты тоқтатуға тырыспады деген күдік болмауы керек", – деді Владимир Зеленский. 



28 ақпанда Ресей мен Украина делегациялары кездесіп, арадағы қақтығысты тоқтату жөнінде келіссөз жүргізеді. Себебі Украина делегация қауіпсіздік үшін тура жолмен емес, Польша арқылы келмекші. Ал Александр Лукашенко Украина делегация келгенде және еліне қайтқанда Беларусь жерінде орналасқан ешбір зымыран мен ұшақ, тікұшақтың ұшпайтынын айтқан. 

Украина делегациясы төрт-бес адамнан ғана тұрады. Олар: Сырты істер министрі, әскери және саяси сала өкілдері, “Слуга народа” фракциясының басшысы Давид Арахамия. Екі жақ Беларусь жеріндегі Гомель облысында, Украинамен шекаралас аймақта кездеседі.  

Еске салайық, әлеуметтік желіде Қазақстан өз әскерін Украинаға жіберді деген ақпарат тараған еді. Бұл туралы пікір білдірген Қорғаныс министрлігі ақпаратты жоққа шығарды. 

Талқылау